СҚО-да жаңа жылдың алғашқы күнінде қызыл жалын 2 адамның өмірін қиды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биылғы жыл төтенше жағдаймен басталды. Қаңтардың 1-і күні өртте екі адам қаза тапты. Олардың бірі төсекте темекі шегудің кесірінен, екіншісі пешті қыздыру кезінде бензинді қолданғанның салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды тілші Qyzyljarnews.kz СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихиннің айтуынша, Жаңа жыл мерекесі кезінде облыс аумағында сегіз өрт оқиғасы тіркелді.

– Қаңтардың 1-і күні Қызылжар ауданының орталығы — Бескөл ауылында жеке тұрғын үйде өрт шығып, оқиға орнынан 1977 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Болжам бойынша, ер адам төсекте темекі тартып ұйықтап қалған, — деді Дмитрий Растихин.

Сол күні кешке сағат 20.00 шамасында Петропавлда Жұмысшы кентінде жеке тұрғын үйде өрт болып, 1989 жылы туған ер адам қаза тапты.

– Куәгерлердің айтуынша, ер адам досымен бірге пешті жағу үшін бензин қолданған. Нәтижесінде бір адам аман қалды, ал екіншісі қайтыс болды. Болжам бойынша, екеуі де мас болған, — деді Дмитрий Растихин.

Жалпы өткен жылы облыста 695 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жау 38 адамның өмірін қиса, 30 түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz