СҚО-да үш жол-көлік оқиғасы тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізушілерді аса сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

3 қаңтар күні көлік қозғалысы қарқынды Астана – Петропавл тас жолында 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Таңертең Тайынша ауданы Кременчуг ауылының маңындағы автожолдың 373-шақырымында 38 жастағы астаналықтың басқаруындағы Hyundai Elantra мен Ақжар ауданының 30 жастағы тұрғыны басқарған Kiа Rio автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.

Келесі жол-көлік оқиғасы Қызылжар ауданының аудан орталығы Бескөл ауылының маңындағы жолдың 473 шақырымында орын алды. Онда Петропавл қаласының 28 және 62 жастағы тұрғындары басқарған Audi-80 және Renault Duster автокөліктері соқтығысқан. Соққы алған Renault көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеге жүгінді. Сондай-ақ Рощинское ауылы маңындағы 405-шақырымында Toyota Alphard көлігін басқарған елорданың тағы бір 38 жастағы тұрғынының көлігі аударылып қалған. Зардап шеккен төрт жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, 9 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды.

– Барлық жағдайда да жүргізушілер мас болмаған. Жол қозғалысы қатысушыларын ауыспалы ауа райы кезінде аса сақ болуға шақырамыз. Жолдағы апаттылықты төмендету мақсатында СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала сыртындағы жолдарда жол жүрісі ережелерінің сақталуына қатысты жұмыс жүргізеді. Жаңа жылдық демалыс күндері кезеңінде аталған жұмыс күшейтілген режімде жүргізілді. Жылдамдық режімін қатаң сақтап, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулеріне назар аударыңыздар, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz