СҚО-да жоғары оқу орнының жалған дипломын пайдаланудың 80 фактісі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, облыста ай сайын жоғары білім туралы жалған дипломдарды пайдаланудың орта есеппен 6 дерегі тіркеледі.
– Өткен жылы қазанның 21-і мен қарашаның 8-і аралығында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі ауданның орта мектептеріне мұғалімдер жұмысқа орналасу кезінде А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жалған дипломдарын пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. «Мұғалімдер» кадр бөліміне «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша диплом ұсынған. Алайда, тергеу барысында олардың бұл жоғары оқу орындарында оқымағаны анықталды. Жалпы, өткен жылы осындай 80 факт тіркелді», — дейді СҚО прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.