ҚР Ұлттық ұлан академиясының сарбаздары Қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды еске алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Ұлттық ұлан академиясының сарбаздары Қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды еске алды
Қаңтар оқиғасының орын алғанына тура бір жыл өтті. Тарих парақтарында қаралы әріптермен жазылған қайғылы күні ерлікпен қаза тапқан Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты әскери академияның ұжымы мен курсанттары еске алды. «Мәңгілік сапта» акциясы аясында бір минуттық үнсіздік жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері қаза тапты. Жас сарбаздар міндеттерін батылдықпен орындады. Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановтың есімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының батырлық шежіресіне мәңгілікке енді, – деді ҚР Ұлттық ұлан академиясының бастығы Артур Тоқышев.

Іс-шараға Ұлттық ұлан әскери кеңесінің хатшысы полковник Савердин Имиров және құқық қорғау әскерлерінің ардагері Ошақбай Сейітбеков де қатысты.

Естеріңізге салсақ, қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров Қызылорда қаласында 5574 әскери бөлімде, ал Айбат Аманов Талдықорған қаласында Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінде қызмет етті. Олар қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz