Түркістандық азамат Заречный кентіндегі №48 мекемеде жазасын өтеп жатқан туысына тыйым салынған зат кіргізбек болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Рұқсат етілмеген “сәлемдемені” кіреберістегі мамандар анықтады. Олар ағаш щеткадан SIM карталары бар “Nokia” маркалы ұялы телефон мен USB кабелін анықтаған. Орын алған жайт бойынша түркістандық азаматтың үстінен материал жиналып, тиісті органдарға жіберілді. Ол 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін. Ал жазасын өтеушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліпті.