Теріскейлік Павел Дмитриев 2022 жылдың үздік оқытушысы атанды. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры болып қызмет етеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тішлісі.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» республикалық байқауға еліміздің 71 университетінен 775 оқытушы бақ сынады. Қатысушылардың сеніміне селкеу түсірмеу мақсатында барлық кезеңдер ашық түрде Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі негізінде өткізілді.
Байқау талабына сәйкес үміткерлердің электрондық оқу ресурстары мен материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар, патенттердің болуы және тағы да басқа сияқты көрсеткіштері бағаланды. Пәндерді оқыту сапасына және бакалавриат, магистратура және докторантурада жоғары білікті кадрларды даярлауына ерекше назар аударылды.
Нәтижесінде 150 оқытушыға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төсбелгісі бұйырды. Сондай-ақ, 2000 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алды.