СҚО полициясы оқушыларға буллингке қарсы шағын фильмге қатысқандары үшін Алғыс хаттар табыс етті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласында №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие кешенінің оқушылары мен ұстаздарына полиция департаменті басшылығының Алғыс хаттары салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өткен жылдың соңында балалар мен мұғалімдер облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп, жасөспірімдер ортасында қорлауға қарсы іс-қимылға арналған шағын фильм түсірді. Идея, сценарий мәтіні, түсіретін орындарды, костюмдерді таңдау, ең бастысы — жанды және эмоционалды актерлік ойын — мұның бәрін мектеп оқушылары ойлап тауып, жүзеге асырды.

№ 8 эстетикалық тәрбие кешенінің директоры Әйгерім Уәлиеваның айтуынша, актерлер рөлін 8-10 сыныптың 30 оқушысы ойнады.

– Біздің мектеп-эстетикалық тәрбие береді. Бізде балалар оқитын көптеген түрлі үйірмелер бар. Бұл – театр, хор, вокал, түрлі аспаптарда ойнау сыныптары, – дейді Әйгерім Уәлиева.

Түсірілім Петропавлда қараша-желтоқсан айларының аралығында өтті. Шағын фильмді түсіруге 100-ден астам адам қатысты. Шығармашылық және ұйымдастырушылық мәселелерде балалармен бірге олардың мұғалімдері де жұмыс істеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz