Петропавлда былтыр абаттандыру ережелерін бұзудың 5 мың дерегі тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда былтыр абаттандыру ережелерін бұзудың 5 мыңға жуық фактісі анықталды. Қасақана зақым келтіргендерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, желтоқсан айының соңында Петропавл полициясына қала тұрғыны қоңырау шалған. Ол көшелердің бірін тазарту барысында жол жиегінде өскен ағаштарға зақым келтірілгенін айтқан. Нәтижесінде сол жерде жұмыс істеген екі мердігер ұйымға әкімшілік хаттама толтырылды.

Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатовтың айтуынша, құқық бұзушыны іздеуге учаскелік инспекторлар мен қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмылдырылған. Қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында 23 жастағы қала тұрғыны – мердігер ұйымдардың бірінің қар тазалайтын арнайы техникасының жүргізушісі қысқа уақыт ішінде анықталды. Ол жүк тиегішпен қар артып жүрген кезде абайсызда жасыл желекті зақымдаған.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша жігітке хаттама толтырылды. Өткен жылы Петропавл полицейлері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 4826 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл негізінен белгіленбеген жерлерге қоқыс тастау, қыста – қар үю фактілері. Айыппұл қасақана ереже бұзғандарға салынады. Негізінен ескерту түріндегі әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылады

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz