Петропавлдағы ірі өндіріс ошақтарында маман тапшы

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы ірі зауыттарды аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Өндіріс ошақтарының басшыларымен тілдескен өңір басшысы кәсіпорындардың мәселелерін шешуге ат салысатынын мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алдымен облыс әкімі Айдарбек Сапаров «С.М.Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамында болды. Мұнда 2019 жылдан бастап компьютерлік техника құрастырылады. Үш жылдың ішінде өндіріс ошағында компьютердің 50 мың данасы жинақталды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 200 мың теңгенің шамасында екенін атап өткен жөн. Белгілі болғандай, еліміз бойынша баспа платалары тек осы зауытта ғана шығарылады. Бұл өнім түрлеріне сұраныс та бар.

– Біздің компьютерлер негізінен мемлекеттік қызметшілер мен оқушыларға арналған. Қазір техниканы бөлшектік сауда нарығына шығару үшін жұмыстар жүргізіліп келеді. Компьютерлік техниканың бағасы шетелдік аналогтарынан 40 пайызға арзан, – дейді зауыт директорының орынбасары Айнагүл Рахметова.

Кейін Айдарбек Сапаров «Мұнаймаш», «МетроМашЗавод», «Трибо» кәсіпорындарын аралап зауыт басшыларының жеткен жетістіктері мен мәселелерін тыңдады.

– Өңір бюджетін көбейту үшін бізге өндіріс көлемін арттыру керек. Сондықтан мен бүгін зауыттарды аралап, ондағы мәселелермен танысып жүрмін. Осы кездесулердің нәтижесінде арнайы жоспар құрылып, өндірісті дамытамыз деп отырмыз. Біздегі негізгі мәселе – кадр тапшылығы. Кәсіпорындарға дәнекерлеуші сияқты мамандар жетіспейді. Оны шешу үшін жұмыссыздарды арнайы курстардан оқытып, өндіріс орындарына шақыру керек, – деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Фото: Талғат Тәнібаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz