Өткен жылы облыста жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 105 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында былтырғы жылы адамдар зардап шеккен 382 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 105-і жаяу жүргінші жапа шекті. Жалпы өткен жылы жол-көлік аппаттарында 9 адам қаза тауып, 109 адам түрлі дене жарақаттарын алған. 42 фактіде жаяу жүргіншілер кінәлі болып шықты. Олар жолды бегіленбеген жерден кесіп өткен.
– Бұл фактілердің 25-і облыс орталығында орын алды. Көп жағдайда қала тұрғындары уақыт үнемдеу мақсатымен жолды белгіленбеген жерде кесіп өткен. Мұндай оқиғалар көбінесе адамдар көп жиналатын орындарда болады. Жыл басынан жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары оның ішінде велосипедшілер, электросамокаттардың иелері және көлік құралына жатпайтын басқа да қозғалыс құралдарына 6873 хаттама толтырылды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысының қатысушыларын жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.