СҚО-да «ГАЗель» жол жиегінен шығып кетті

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында «ГАЗель» автокөлігін басқарып келе жатқан 48 жастағы жүргізушіге полицейлер мен жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерлерінің көмегі қажет болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Нұрлан Қожахметов пен Елжас Мақұлов бекітілген учаскені патрульдеу кезінде Көкшетау-Рузаевка автожолының 142-ші шақырымында жол жиегіне шығып кеткен автокөлікті байқап қалып, жақын маңдағы «Саумалкөл-Агро» ЖШС-не жүгінген. Серіктестік иесі болған жайтқа бейжай қарамай «К-700» тракторын көмекке жіберген.

– Көлікті өзі шығара алмағандықтан, жүргізуші бізден көмек сұрады. Біреуіміз рөлге отырдық, екіншісі қызметкер тракторға троссты бекітті. Автокөлік жолға шығарылғаннан кейін жүргізуші сапарын жалғастырды, — дейді полиция аға лейтенанты Елжас Мақұлов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz