СҚО-да науқас нәрестенің жұлынына 35 млн. теңгенің препараты салынды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында арқа бұлшықет атрофиясы дертіне шалдыққан 1 жас 4 айлық нәрестеге құны 35 млн. теңге тұратын дәрі егілді. Қымбат препарат республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

СҚО көпсалалы балалар ауруханасының мәліметінше, өңірде алғаш рет облыстық балалар ауруханасының негізінде осындай ем-дом жасалып отыр. Науқас – 1 жас 4 айдан енді асқан нәресте. Оған 2 типті арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Бұл — өте сирек кездесетін орфандық ауру екенін айта кеткен жөн. Нәрестеге «Спинраза» деп аталатын препараттың алғашқы дозасы енгізілді. Дәрі балаға интратекальді түрде жұлын каналына салынды. Ем-дом асқынусыз өтуі үшін Астанадан невролог дәрігерлердің бригадасы да келген. Препарат енгізілгеннен кейін 72 сағат бойы бала мамандардың бақылауында болды.

– Дәрі салынғаннан кейін нәрестенің жағдайына мониторинг жүргізілді. Жағдайы тұрақталған соң үйіне жіберілді. Енді ол тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық бақылауда болады, — дейді нәрестені емдеуші дәрігер, аурухананың неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Елена Бедина.

«Спинраза» препараты 35 млн. теңге тұрады. Қажетті қаражат республикалық бюджеттен бөлінгенін айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz