Полицейлер адалдыққа тексеріледі

Авторы: Qyzyljar News

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтауда (Integrity Сһеск). Бұл жайлы Polisia.kz порталы мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтауда (Integrity Сһеск). Мұндай тексерулердің нәтижелері қызмет өткеру және аттестация өткізу кезінде ескерілетін болады, — деп жазылды басылым мәліметінде.

Аталмыш пилоттық жобаны патрульдік полицияда сынақтан өткізу жоспарлануда. Себебі дәл осы қызметтің қызметкерлері күн сайын халықпен өзара іс-қимыл жасайды. Тексеруді әр түрлі жағдайларды модельдеу арқылы өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері жүргізетін болады. Polisia.kz мәліметінше, бұл жобаның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz