Әділет вице-министрі қызметінен босатылды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Алмат Мәдалиев Әділет вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Алмат Мәдалиев 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Сондай-ақ АҚШ-тағы Джордж Вашингтон Университеті жанындағы заң мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Жастарды таңдау» ҚҚ заңгері болып бастаған. 2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2010 жылдың қазан айынан бастап Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. Ол 2019 жылдың наурыз айында Қазақстанның Әділет вице-министрі болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz