Солтүстік Қазақстан облысының тасжолында тағы бір жол апаты тіркеліп, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
8 қаңтар сағат 15.00 шамасында «Астана – Петропавл» автожолының 427-ші шақырымында Аққайың ауданынындағы Аралағаш ауылының маңында «Volkswagen Golf» пен «Mercedes-Benz» автокөліктері соқтығысып салдарынан «Mercedes-Benz» автокөлігінің 30 жастағы әйел жүргізушісі мен оның 34 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша материал жиналды.