Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров министрлермен өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алдымен облыс әкімі Айдарбек Сапаров Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен екіжақты кездесу өткізді. Шара барысында өңір жетекшісі аудандар мен облыс орталығында өткізілген халықпен кездесулер жайлы баян етті.
Айдарбек Сейпілұлы тұрғын үй құрылысы, жолдар мен тұрғындарды сумен қамту жөніндегі мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ кездесуде 2023 жылға арналған облысты дамыту жоспарын таныстырып, жүзеге асатын жаңа жобалар жайлы айтып берді.
Облыс әкімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесіп, білім сапасын арттыру және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жайлы сөйлесті. Белгілі болғандай, тың жоба аясында өңірде алдағы уақытта 4 жаңа мектеп салынады.