Петропавл әуежайының бағыттары субсидияланады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы халықаралық әуежай арқылы былтыр 1,3 мың әуе рейсі жасалды. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда үш есеге артық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжіновтың айтуынша, былтыр Петропавл әуежайының мүліктік кешені «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС-ге сенімгерлік басқаруға берілді.

– Былтыр желтоқсан айында Азаматтық авиация комитеті келер жылды субсидиялау бойынша конкурстық рәсім өткізді. Конкурстың нәтижесі бойынша Алматы бағытын «SCAT» компаниясы жеңіп алды. Астана қаласына «Qazaq Air» ұшақтары ұшатын болды. 474 млн. теңге субсидия Астана бағыты бойынша, 520 млн. теңге Алматы бағыты бойынша берілді, — дейді басқарма басшысының орынбасары.

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта халықаралық әуежайда бірқатар шектеу бар. Ол әуе отынын үстеп құюға байланысты. Қондырғыны жаңғыртудан өткізіп, сұйық отын құятын стансаны ретке келтіру қажет.
Биыл Астана мен Петропавл арасында 10 ай бойы аптасына 7 рет, 2 ай аптасына 8 рет ұшақ ұшпақ. Ал Алматы мен Петропавл арасында 9 ай бойы аптасына 5 рет ұшса, жаздың үш айында аптасына 7 рет бағыт ашылады. Әзірге билет бағасында өзгеріс жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz