Облыста жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтыру фактілері артты. Сырқаттанғандардың дені балалар, олар 65 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, биыл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-ге шалдыққандарға саны 1,6 есеге артқан. Петропавлда тұмаумен ауырғандар – 139.
– Облыста барлығы «В» типті тұмаудың 245 және «А» типті тұмаудың 17 зертханалық расталған жағдайлары тіркелді. «Шошқа» тұмауының 13, «гонконг» тұмауының 4 жағдайы анықталды. Ауырғандардың ешқайсы тұмауға қарсы екпе алмаған.
Науқастардың ішінде 49 жүкті әйел, бұл — 19% болса, 32% немесе 83 адам — 14 жасқа дейінгі бала, – дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.