СҚО әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, өз мәселелерін арқалап келген тұрғындардың мәселелеріне тыңдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір жетекшісінің жеке қабылдауында болғандардың бірі – Альбина Құдырова. Петропавл қаласының тұрғыны «Береке» шағынауданында 200 орынға шақталған балабақша ашуды жоспарлап отыр. Бүгіндері бұл мақсатқа қажетті жер учаскесін де сатып алған. Өкініштісі, тың жобаның құны 1 млрд. теңгеден асатындықтан облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі білім беру ошағын қаржыландыруға асығар емес.

– Білім басқармасына бірнеше рет жобамды ұсындым. Олар тым қымбат екенін айтты. Сондықтан оны мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жүзеге асырғым келеді. Жеке инвесторларым да бар, – деді Альбина Құдырова.

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров бұл жобаны қайта қарап шығуға тапсырма беріп, назарда ұстайтынын мәлім етті.

– Жобаны тағы бір мәрте қарап шығу керек. Балабақша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде салынатын болса, мемлекет аталған нысанды алдағы 7 жылда сатып алуы қажет. Егер бұл тиімді болса, жұмысты бастау қажет. Ал бюджетке шығын әкелсе, тұрғынға нақты жауап берілуі керек, – деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Ал Мамлют ауданының тұрғыны Закир Лиров шабындық жерлер аздығына шағымданды. Оның айтуынша, ауданда ірі қараны жем-шөппен қамту мәселесі де өткір тұр. Бұл сұрақты шешуге өңір жетекшісі Мамлют ауданы әкімі Владислав Лукинге тапсырма берді. Өз кезегінде ол, алдағы уақытта жер учаскелерін беру бойынша байқау өтетінін айтып, оған кәсіпкерді қатысуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz