СҚО-да аң аулау талаптарын бұзудың 400-ге жуық дерегі тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Өткен жылы облыста аң аулау талаптарын бұзудың 400-ге жуық дерегі тіркелген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс полицейлері әуесқой аңшыларды заңнаманы бұзбауға шақырады. Тәртіп сақшылары жаңа жылдың бірінші күнінен бастап тұяқты жануарларды, қауырсындыларды және өзен құндызын аулауға тыйым салынғанын еске салады. 15 ақпанға дейін тек су тышқанын, қарсақты, түлкіні, ақ қалақты, ақкiсті, қоянды аулауға болады. Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін мүдделі ведомстволардың қызметкерлерімен бірлесіп ұдайы рейдтер жүргізілетінін атап өткен жөн.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, өткен жылы жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерінің – 382, балық аулау және балық ресурстарын мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерінің 331 бұзушылығы анықталған. Сондай-ақ заңсыз аңшылықтың – 19, «Artemia salina» құнды шаяндарын заңсыз аулаудың – 7 фактісінің жолы кесілді.

– Мас күйде аңшылыққа және балық аулауға шығуға тыйым салынады. Аңшы қаруды тек оқталмаған, бөлшектелген және қапқа салынған күйінде тасымалдау қажет. Табиғат аясында демалуды құмартатын азаматтар заңнаманың осы және басқа да талаптарын білуге және қатаң сақтауға міндетті, – дейді Айдын Байматов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz