Петропавлда «шулы» пәтердің мәселесі шешілді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда учаскелік инспектор «шулы» пәтер мәселесін шешуге көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

М.Жұмабаев көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің біріндегі жалға берілетін пәтердің тұрғындары түнде тыныштықты бұзатын көршілеріне жиі шағымданатын. Полицейлердің араласуымен бұл мәселе шешімін тапты.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы М.Жұмабаев көшесіндегі жалға берілетін пәтерлерде тұрып жатқан азаматтарға қатысты қала тұрғындарынан бірнеше мәрте арыз түскен. Тәртіп сақшылары қожайыны мен баспанада қоныстанғандармен де тілдесті. Бұдан еш нәтиже шықпаған соң, пәтерді жалдағандарды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Жақында учаскелік полиция инспекторы «шулы» пәтердің иесі мен көршілерінің, сондай-ақ пәтер бюросының әкімшілігі арасында бірнеше рет кездесулер өткізді. Нәтижесінде тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға беру туралы шешім қабылданды.

– Естеріңізге сала кетейік, адамдардың қалыпты демалуына кедергі келтіретін түнгі шу орын алған жағдайда жеке тұлғалар үшін 5 айлық есептік көрсеткіш түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Полицияға келіп түсетін қоңыраулардың жартысына жуығы жалдамалы пәтерлердің тыныштықты бұзуымен байланысты. Мұндай шағымдарға жедел ден қою үшін, сондай-ақ түнгі уақытта отбасылық жанжалдарға бару үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге түнгі кезекшілікке учаскелік полиция инспекторлары да шығады. Өткен жылдың 12 айында Петропавлдағы учаскелік полиция инспекторлары тыныштықты бұзумен байланысты 1995 қоңырауға ден қойды, – дейді Петропавл қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz