СҚО-да күзет құрылымдарының қызметкерлері 100-ден астам қылмысты ашуға көмектесті

Авторы: Qyzyljar News

Облыста күзет құрылымдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауда да өз үлестерін қосып келеді. Былтырдың өзінде бұл орган мамандарының қатысуымен 100-ден астам қылмыс ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарына пульттік күзет жүйелері мен жеке күзет құрылымдарының қызметтері таныстырылды. Іс-шара Петропавлдағы ірі сауда орталықтарының бірінде өтті.Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Данияров атап өткендей, аталмыш бастама СҚО полиция департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау бағдарламасын іске асыру аясында қолға алынған.

– Петропавлда және алты аудан орталықтарында пәтерлерді орталықтандырылған бақылау пульттері арқылы күзетуді 14 ұйым жүзеге асырады. Өңірде пульттік күзетке 1170 пәтер мен үйлер қосылған. Соңғы жылдары бұл объектілерде бірде-бір мүліктік қылмыс тіркелмеді. Жеке меншік объектілерінің техникалық нығайтылуы – ұрлық санының азаюына ықпал етудің маңызды факторы, – дейді Руслан Данияров.

Полицейлердің айтуларынша, өткен жылы облыста пәтерлер мен үйлерде ұрлық жасаудың 327 фактісі тіркелген. Талдау көрсеткендей, мүліктік қылмыстардың жасалуына сенімсіз құлыптар, үйлердің кіреберістерінде және үй маңында домофон мен бейнебақылау жүйесінің болмауы себеп болған.Күзет қызметін бақылау бөлімінің ақпаратынша, жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыспен күреске белсенді қатысады. Өткен жылы олардың қызметкерлері 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. 200-ден астам құқық бұзушыны ұстап және ішкі істер органдарына жеткізді, күзетілетін объектілерде 26 ұрлық пен құқық бұзушылықтың жасалуын болдырмады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz