СҚО-да екі ауыр жүк көлігі қар құрсауында қалды

Авторы: Qyzyljar News

Айыртау ауданында қарлы боран салдарынан екі ауыр жүк көлігінің жүргізушілері қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаңтардың 8-і күні жергілікті маңыздағы Елецкое мен Айыртау ауылдары арасындағы автожолда «SHANTUI» бульдозері тиелген «МАЗ» автокөлігі жол жиегінен шығып кеткен. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Марат Жамбылов тез арада «102» телефон нөміріне қоңырау шалып полицейлерге оқыс оқиға жайлы хабарлады. Көмекке келген учаскелік инспектор Шоқан Асқаров пен әкімшілік полиция қызметкері Асқар Мақперов жергілікті «Баянтай» ЖШС-не жүгінген. Серіктестік иесі болған жайтқа бейжай қарамай «К-700» тракторын көмекке жіберді.

– Қатты боран көлігімді лезде қардың астында қалдырды. Аудандық полиция бөлімінің бастығына және оның қарамағындағы қызметкерлерге жедел көмек көрсеткені үшін алғысымды айтамын. Қызметкерлер бізді қардан шығарып қана қоймай, жақын маңдағы жанармай құю стансасына дейін жеткізді, — дейді Марат Жамбылов.

Бұдан бір күн бұрын Лобаново мен Имантау ауылдарының арасында «Scania» фурасы қалың қарда қалып қойған. Түркия елінен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жасымық тиеп алып кету үшін келгенін атап өткен жөн. Бұл жүк көлігі де жол жиегінен шығып кеткен. Учаскелік полицейлер Нұрлан Кәріпенов пен Ербол Қасқатаев бекітілген учаскені патрульдеу кезінде қар құрсауында қалып қойған жүк көлігін байқап жақын жердегі «Ключи» ЖШС өкілдерінен көмек сұраған еді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz