Бүгін Ақан Сері атындағы облыстық филармониясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан гвардиясының құрылғанына 31 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Құқықтық тәртіп әскерлерінің құрылғанына тура 31 жыл толды. Әскерилерді мерекемен Солтүстік Қазақстан облысы әкімі атынан оның орынбасары Сәтжан Аблалиев құттықтады. Іс — шараны Петропавлда орналасқан Ұлттық ұлан бөлімшелері — Ұлттық ұлан Академиясы және 6637 әскери бөлімі ұйымдастырды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің атынан өңір ұландықтарын кәсіби мерекелерімен оның орынбасары Сәтжан Аблалиев құттықтады.
– Ұлттық ұлан академиясының және 6637 әскери бөлімінің жеке құрамы қала мен облыс тұрғындарының тыныштығын күзетуге атсалыс келеді. Сондай-ақ қоғамдық-саяси, спорттық, мәдени іс-шараларда қатысып белсенділік танытуда. Кәсіби мереке күні жеке құрам мен әскер ардагерлеріне, туыстарыңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі мен өркендеуіне одан әрі табыс тілеймін, — деді Сәтжан Аблалиев.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарған азаматтар, ерекше көзге түскен офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери міндетін өтеп жүргендер марапатталды. Мерекелік жиынның ресми бөлімінен соң концерт ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.