Мемлекеттік баж көлемі өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Халыққа қызмет орталықтарында негізгі құжаттарды алу кезінде мемлекеттік баж көлемі өзгерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтардың 1-нен бастап  1 айлық есептік көрсеткіш көлемі – 3450 теңгені құрады, ол мемлекеттік баж мөлшерімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі уақытта салық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 АЕК,  яғни 690 теңгені құрады.

Төлқұжат едәуір қымбатқа түседі: 8 АЕК – 27600 теңге.

Төлқұжат пен жеке куәлікті беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды, бірақ процесті ақылы түрде жеделдету мүмкіндігі бар:

— Петропавл қаласында жеделдету 3 күн  –  4983 теңге, 5 күн — 2752 теңге;

— Облыс аудандарында 7 күн — 1116 теңге.

Жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды, содан кейін ауыстыру қажет.

Жүргізуші куәлігі 1,25 АЕК — 4 312 теңге;

Неке туралы куәлік 1 АЕК — 3450 теңге. Қайта беру кезінде 0,5 АЕК — 1 725 теңге;

Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж  2 АЕК – 6900 теңге.

Туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ актінің жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде 0,5 АЕК – 1725 теңге төлеу қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz