«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында өңір бизнесмендеріне 4 мамандандырылған сервистік қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында 4 мамандандырылған сервистік қызмет түрін көрсетеді. Оның аясында бизнесмендер есеп-қисап, заң, маркетинг пен қаржыландыру жөнінде кеңес алуға мүмкіндіктері бар.
– Кәсіпкерлер палатасы сервистік қызмет көрсетуді биыл да жалғастырады. Біздің кеңесші мамандар онлайн да офлайн да көмек көрсетуге дайын. Былтыр мамандарға 500-ден астам кәсіпкер жүгінді. Барлық қызмет түрі тегін көрсетіледі, дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әсел Самаратова.