СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері бір жылдағы атқарылған жұмыстары бойынша әлеуметтік желідегі тікелей эфирде есеп берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылғы жұмысты қорытындылап, нәтижелері мен жоспарлары туралы танымал әлеуметтік желілердегі қызметтік аккаунттарда тікелей эфир барысында хабардар етті.
Жалпы жыл бойы тәртіп сақшылары «Рефлекс», «Паутин», «Дармек», «Транзит», «Қарасора» секілді бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізгенін атап өткен жөн. Оның нәтижесі бойынша жедел-іздестіру қызметімен қатар полицейлер еріктілермен, педагогтармен және дәрігерлермен бірлесіп 600-ге жуық профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі