СҚО-да 997 тонна қант бар

Авторы: Qyzyljar News

Сауда желілеріндегі, өңдеуші кәсіпорындардағы, қоймалардағы және тұрақтандыру қорларындағы, сонымен қатар өңірлермен форвардтық келісімшарттар бойынша жасалған қант қоры 26,9 мың тонна деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай Zakon.kz сауалына жауап беріп, деп хабарлайды Qyzylharnews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, еліміздің қантқа деген жылдық қажеттілігі орташа есеппен – 550 мың тонна.

-2021 жылы Қазақстанда ішкі қантты тұтыну көлемі 532,5 мың тонна қант болды. Мәселен, қант зауыттары 226,7 мың тонна қант, оның ішінде 35,7 мың тонна қант қызылшасы және 191 мың тонна құрақ қант өндірді. Тұтынудың жалпы көлеміндегі қант импорты 308,5 мың тонна немесе 57% құрайды. Ресей Федерациясынан импорттың жалпы импорттағы үлесі 88,3%, Беларусь — 11,5%, басқа елдерден — 0,15% құрады, — деді еліміздің Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Облыс әкімдіктері 2022 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша бөлшек сауда желілеріндегі, өңдеуші кәсіпорындардағы, қоймалардағы, тұрақтандыру қорларындағы, сондай-ақ өңірлермен форвардтық келісімшарттар бойынша жасалған қант қоры 26,9 мың тонна болатынын хабарлады. Оның ішінде:
Ақмола облысында – 514,4 тонна,
Алматы облысында – 2093,7 тонна,
Атырау облысында – 411 тонна,
Абай облысында – 346 тонна,
Шығыс Қазақстан облысында – 1001,5 тонна,
Жамбыл облысында – 390,5 тонна,
Жетісу облысында – 2351 тонна.
Батыс Қазақстан облысы – 402 тонна,
Қарағанды облысы – 900,6 тонна,
Қызылорда облысы – 528,7 тонна,
Қостанай облысы – 1167,7 тонна,
Маңғыстау облысы – 365,7 тонна,
Павлодар облысы – 1537,7 тонна,
Солтүстік Қазақстан облысы – 997 тонна,
Түркістан облысы – 912,3 тонна.
Ұлытау облысы – 150 тонна,
Алматы – 8869 тонна,
Нұр-Сұлтан – 2695 тонна,
Шымкент – 1310 тонна.
Дегенмен бұл күн сайын сатылатын және толықтырылатын белгілі бір уақыттағы қант қоры екені атап өтіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz