Елордада бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» атты республикалық олимпиада өтті. Білім додасында жерлестеріміз қанжығаларын майлап қайтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш мектеп мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Бұл байқауға Солтүстік Қазақстан облысынан 6 педагог қатысты. Оның қорытындысы бойынша Аққайың ауданындағы №1 Смирново орта мектебінің мұғалімі Надежда Сабитова жеңімпаз атанды. Ал Петропавл қаласындағы «Дарын» мектеп-лицейінің мұғалімі Евгения Мануйлова, Кызылжар ауданындағы Бескөл мектеп-колледжінің мұғалімі Наталья Сиразетдинова екінші, Аққайың ауданындағы Дайындық орта мектебінің мұғалімі Светлана Саурбаева үшінші орын алды.