Петропавл тұрғыны полицейлерге 19-шы ғасырда шығарылған мылтықты тапсырды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл тұрғыны полицияға сирек кездесетін мылтықты тапсырды, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Polisia.kz» сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасына 58 жастағы қала тұрғыны өз гаражынан қоқыс арасынан қос ұңғылы мылтықты тапқанын хабарлады. Ер адам аңшы әрі ресми түрде қару-жарақ ұстауға рұқсаты бар болғандықтан заңсыз сақталған қару үшін қарастырылған жауапкершілікті жақсы біледі. Сондықтан ол қаруды бірден полицияға тапсыруды жөн санады. Полицейлер оны сараптамадан өткізіп, мылтық оқ атуға жарамды екенін растады.
Бір қызығы, мылтық бельгиялық «Bayard» фирмасының сирек кездесетін аңшы қаруы болып шықты. Оның үстінде ойылып жазылған белгілерін тексергеннен кейін криминалистер аталған ату құралы 1893-1898 жылдар аралығында шығарылған болжамға келді.

– Азаматтар тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған жағдайда ғана қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Өткен жылы облыс аумағында заңсыз айналымнан 128 бірлік тіркелмеген атыс қаруы алынды, оның 17-і Петропавлда, — дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz