Өткен жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша өңірдің 91 тұрғыны грантқа қол жеткізді. Олардың 54-і – 29 жасқа дейінгі жастар болса, 37-сі – әлеуметтік осал топқа жататындар мен көпбалалы аналар. Жалпы сомасы – 1 млн. 225 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Грант алу үшін кәсіпкер міндетті түрде 14 күндік онлайн оқудан өтуі тиіс. Кейін арнайы құрылған комиссия мүшелерінің алдында өз жобасын қорғайды. Мақұлданған жағдайда ғана қайтарымсыз грант иегері атанады. Былтырғы жеңімпаздар тігін цехтарын, кондитерлік орталық, сурет және сұлулық салондары сияқты кәсіп бастады. Аталмыш бағдарламаға қатысқысы келген тұрғындар «Еңбек» бизнес порталына кіріп, өтінім қалдыра алады, – дейді халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Дейнеко.
Биылғы жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 60 грант бөлінсе, қазіргі уақытта бұл мемлекеттік қолдауға ие болуға 30 өңір тұрғыны өтініш білдірген.