СҚО-да 1,7 мың бала әлеуметтік көмек алды

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері өңірдегі 1,7 мың балаға атаулы әлеуметтік көмек аясында 50 млн. теңгенің әлеуметтік пакеті үлестірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға көрсетіледі. Өткен жылы 2470 отбасыға 704,9 млн. теңге төленсе, биыл 1561 отбасына 232,5 млн. теңгенің көмегі берілді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет – азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы беріледі. Мәселен, осы жылы 1748 балаға 49,7 млн. теңгенің пакеттері берілді.

Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы Қазақстан Республикасы Заңына және аудандар мен Петропавл қаласы мәслихаттарының шешімдеріне сәйкес үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Былтыр 305 балаға 23,1 млн. теңге берілсе, биыл 267 балаға 13,2 млн. теңге төленді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz