Петропавлда қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттайды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда қоғамдық көліктің жолақысы соңғы рет 2017 жылы өскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл әкімі Руслан Аңбаев жолаушы тасымалдаушылармен кездесіп, олардың мәселелеріне қаныққан.

– Тарифті көтеретін кез келді. Бұл, әрине, халықтың наразылығын тудыруы мүмкін, бірақ Петропавлда тариф 2017 жылдан бері өзгермегенін және осы уақыт ішінде бәрі қымбаттағанын түсінуіміз керек. Жанар-жағармай, шығын материалдары, резеңке, дөңгелектер, қосалқы бөлшектер және т.б. кем дегенде екі есе қымбаттады, – дейді Руслан Аңбаев.

Қала әкімі бұл мәселенің қазір талқыланып жатқанын айтты, десек те, азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тариф өзгеріссіз қалатынын айта кеткен жөн.

– Әкімдік азаматтардың осы санатына көмектесіп, жолақыны арзандатып, субсидиялар есебінен тасымалдаушылардың шығындарын өтейді. Бүгінгі таңда оқушылар 40 теңге төлесе, мүгедектер үшін жол жүру тегін, бірақ қала халқының басым бөлігі үшін тариф кез келген жағдайда көтеріледі. Оған уақыт келді, әйтпесе мен тасымалдаушылардың барлық шығындарын субсидиялар есебінен жабуға мәжбүр боламын, өйткені оларға жұмыс істеу тиімсіз болып қалады, — деді Руслан Аңбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz