Қазақстанда 1 млн. адам жұмысқа орналастырылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Қазақстанда шамамен 1 млн. адам жұмысқа орналасады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар қаңтардың 15-не дейін аймақтық жұмыспен қамту карталарын бекітуі тиіс.

Қазіргі геосаяси жағдай, жастардың едәуір ағыны, күтілетін жұмыстан босату және жаңа жұмыс орындарының аз генерациясы ұлттық еңбек нарығының негізгі сын-қатерлері және халықтың нақты табысына әсер ететін факторлар болып табылады. Сондықтан, министрлік жұмысының осы бағытының басты мақсаты отбасының кемінде бір мүшесін ресми жұмыспен қамтамасыз ету және оның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуы болып айқындалды. Негізгі мақсат – жыл ішінде жастарды, жұмыспен қамтылмаған азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда шамамен 1 млн. адамды жұмысқа орналастыру, – деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, биыл жастарға арналған төмен пайызбен несие берілетін болады. 6 мың жас азаматқа 5 жылға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын 5 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген микронесиелер қарастырылмақшы. Ал ерекше қажеттілігі бар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жандарға 1,2 млн. теңге мөлшерінде 9 мың грант берілмекші.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz