Петропавлда ауыр машина жасау зауыты сатылымға қойылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі 6,3 млрд. теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сатушы — «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы » Акционерлік қоғамы-бірқатар шарттарды қарастырды. Ең алдымен, конкурс жеңімпазы зауыт қызметінің бейінін, қызметкерлердің штат санын сақтап, жаңа жұмыс орындарын құруы тиіс. Меншік құқығы өткеннен кейін бір жыл ішінде сатып алушыға кәсіпорын активіне қатысты белгілі бір әрекеттер шектеліп тыйым салынатынын айта кеткен жөн. Меншік иесі үш жыл ішінде «ПЗТМ»АҚ кредиторлық берешегін өтеуге тиіс. Қоса берілген анықтамаға сәйкес, өткен жылдың желтоқсан айында ол шамамен 12 млрд.теңгені құраған.

Тағы бір шарт бойынша сатып алушы экономиканың мұнай-газ өндіру, мұнай өңдеу, энергетика, темір жол салалары үшін азаматтық өнім шығару жөніндегі зауыттың бейінін сақтауы, кемінде бір жаңа өндіріс құра отырып және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігімен азаматтық өнім желісін кеңейтуі, «ПЗТМ» АҚ-да шығарылатын арнайы техникаға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыруы тиіс. Сауда-саттық ағылшын әдісі бойынша өткізіліп, 17 қаңтарға жоспарланғанын айта кеткен жөн.

Фото: Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz