СҚО-да 21 мың пай иесінің жерін қайтару бойынша жұмыс басталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы өткен жылды қорытындылап, осы жылға міндеттерді айқындады. Соның бірі жер үлесінен заңсыз айырылған пай иелерінің құқығын қорғау, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

СҚО прокуратурасының алқа отырысында белгілі болғандай, 2020 жылдан бастап жер заңнамасы саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс нәтижесінде ауданы 124 мың га болатын 232 жер учаскесі қайтарылып, жайылымдық жерлер 124 мың га артты. 26 проблемалық кәсіпорындағы жалпы аумағы 257 мың га болатын 11 мыңнан астам пай иесінің құқығы қорғалды.Пайшылардың қатысуымен болатын жалпы жиналыстардың хаттамаларын қолдан жасау, алаяқтық, ЖШС-тің басшыларының өкілеттіктерін қасақана асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі 22 тергеп-тексеру басталды.

«Жарқын-СК» ЖШС қатысушылары – 4 мың пай иесінің құқығын қорғау мақсатында прокурор аталған серіктестік пен «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арасында жасалған 14 кепіл шарттың күшін жою туралы талап арыз берді. Серіктестіктің басшысы 2017 жылы құжаттарды қолдан жасап, пайшылардың жерін кепілге қойып, 600 млн теңгені қалтасына басқан. Экономикалық соттың шешімімен өткен жылдың соңында прокурордың 14 кепіл шартты жарамсыз деп тану туралы талабы толығымен қанағаттандырылды.
«Жарқын СК» ЖШС директоры мен бұрынғы директорына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды. Сот үкімімен оларға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.

Қазіргі уақытта «Алиби» холдингі кәсіпорындары тобына қатысты ұжымдық өтініш негізінде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Холдинг басшылығы пайшылардың жер учаскелерін кепілге қою арқылы 4,7 млрд теңге сомасында банктерден кредиттік қарыз алған. Келтірілген шығын мөлшерін және ақшалай қаражаттың түпкілікті бенефициарын анықтау үшін аудит жүргізілуде. Сондай-ақ облыс прокурорлары бүгінде жерлерінен айырылған 21 мыңнан астам пай иеленушілерінің құқықтарын қорғау мақсатында жұмысты қолға алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz