Қаңтардың 23-і күні шетелдік көліктерді заңдастыру басталады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді тіркеу 23 қаңтарда басталып, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады. Аталмыш қызмет түрін пайдалану үшін темір тұлпар иелері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меншік иесі төрт құжат ұсынуы керек:
— өтінім;
— жеке басын куәландыратын құжат;
— көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
— осы көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

sddefaultplay btn

Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін тексеру үшін көлік мамандандырылған ХҚКО жанынан құрылған тексеру бекетіне жіберіледі. Нөмірді ішкі істер органдарының криминалистері тексереді. Тексеруден өткеннен кейін екі күн ішінде көліктің заңдастыруға жататын-жатпайтыны жөнінде шешім қабылданады.

Тексеру сәтті өткен жағдайда өтініш берушінің ұялы телефонына көлік құралын тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға келу жөнінде қысқаша хабарлама жіберіледі.

Тіркеу үшін көлік құралының иесі 200 000 теңге мөлшерінде алым, техникалық төлқұжат (4 313 теңге) пен мемлекеттік нөмір (9 660 теңге) үшін мемлекеттік баж салығын төлейді және құжаттардың түпнұсқасын (шетелдік техникалық паспорт, меншік құқығын растайтын құжат) мамандандырылған ХҚКО қызметкеріне ұсынады.

Барлық рәсім аяқталғаннан кейін автокөлік иесіне тіркеу құжаты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірі беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz