«Крещение господне» мерекесінде қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн

Авторы: Qyzyljar News

Облыс құтқарушылары «Крещение Господне» православиялық мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

18-нeн 19 қаңтарға қараған түні православие әлемі «Крещение Господне» мерекесін атап өтеді. Бұл күні дінге сенушілер тазартылған бұлақтарға баруға тырысады. Мұзды суда болу кезінде жазатайым оқиғалар мен жарақаттануды болдырмау үшін ұйымдастырушылар қысқы суға шомылу орындарына деген бірқатар талаптар мен ережелерді ұстану қажет деп отыр.

– Іс-шараларды өткізу алдында департамент қызметкерлері тексеру актісін жасай отырып, шомылу орындарына комиссиялық тексеру жүргізетін болады. Су алу және шомылу орындарында төтенше жағдайлар жөніндегі және полиция департаменттерінің мамандары, денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлері кезекшілік етеді. 300-ге жуық адам және 119 бірлік техника жұмылдырылады,- деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Судағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті келесі талаптарды ұстануға шақырады:
— арнайы белгіленбеген жерлерде өз бетімен, бейберекет суға шомылмауға;
— алкогольді ішімдік ішіп мас күйіде суға түспеуге;
— ашық алаңда /мұзда/ купелдің жанында 3 адамнан артық тұрмауға;
— шомылудың алдында әр түрлі қимылдар жасап жүгіріп, денені жылытуға;
-құтқарушылар мен дәрігерлердің қатысуымен шомылуға;
— шомылып болғаннан кейін денені түкті орамалмен сүртуге және құрғақ киім киіп, жылы шай ішуге кеңес береді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz