Петропавлдағы Мәдениет үйінің басшысы ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша Петропавлдағы Мәдениет үйінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Лауазымды тұлға жалпы сомасы 8 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден 454 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бұдан бөлек, жоғарыда аталған лауазымды тұлғаның мемлекеттік сатып алудың күшін жою туралы бұйрықты заңсыз шығаруы және баға ұсынысы байқау жеңімпазының ұсынысынан 2 есе асып түскені, конкурстың басқа қатысушысымен шарт жасасу жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі жасау фактісі анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz