Петропавлда полиция офицерлеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік жиын өтіп жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда полиция офицерлеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік жиындар басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясында полиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары үшін республикалық оқу-әдістемелік жиындар басталды. Оған еліміздің түрлі облыстарынан 100-ден астам полиция қызметкері қатысып жатыр. Оқыту барлық өңірлерден келген қызметкерлерді қамти отырып, екі кезеңнен тұрады.Аталмыш курстарды Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ашты. Ол жиындардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларына ішкі істер органдарында кадрлық және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуде табыс пен сәттілік тіледі.

Іс-шара Мемлекет басшысының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру, полицияның сервистік моделін енгізу, сондай-ақ халықтың полицияға деген сенімін, кадрларды даярлау сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде өткізіліп жатқаны атап өтілді.Бұған дейін ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ұлттық ұлан академиясында қалалық және аудандық полиция бөліністері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізуді тапсырған болатын. Оқу-әдістемелік жиындардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру.

Теориялық және практикалық сабақтар бір апта бойы өтетінін айта кеткен жөн. Курастар барысында полиция офицерлері саптық дайындықтарын жетілдіреді, дәрістер тыңдап, орталық аппарат бөлімшелерінің басшыларынан, министрліктің оқу орындарының оқытушыларынан құралған ең тәжірибелі дәріскер-практиктердің ең өзекті тақырыптар бойынша семинарларына қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz