«Еnbek.kz» порталында жұмысшы кадрларды тартуға қатысты өтінімдерді қабылдау басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы Петропавлда 715 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 86 азамат кәсіптік оқудан өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарды жұмысқа тарту мақсатында «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісімшарты», «Қоғамдық жұмыстар», «Күміс жас» және «Бірінші жұмыс орны» бағдарламалар жүзеге асып келеді. Биыл да бұл жобалар аясында жұмыссыз қала тұрғындары қызметке орналастырылады. Сондай-ақ 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлік бойынша ұлттық жоба аясында «Еnbek.kz» порталында жұмысшы кадрларды тартуға қатысты өтінімдерді қабылдау басталғанын айтуда.

Мамандардың сөзінше, оған бір жылдан артық жұмыс істейтін және тұрақты салық пен әлеуметтік аударымдарды жүзеге асыратын кәсіпорындар өтінім бере алады.

– Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға ерекше назар аударғым келеді. Яғни, бұл біліктілікті арттыру және адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында өткізілетін кәсіптік даярлау. Барлық шаралар Қазақстан Республикасы халықты жұмыспен қамту туралы заңында көзделген нормалар бойынша жүзеге асырылады. Петропавл қаласының ірі кәсіпорындары мен ұйымдары жұмыс орнын беру арқылы кәсіптік оқытуға қатыса алады, – дейді қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Әйгерім Асылтаева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz