Еңбек әулеттеріне құрмет көрсетілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Amanat» партиясының мүшелері «Қызылжар су» кәсіпорнына барып, еңбек әулеттерін Еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Amanat» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Визеровтар мен Голодниковтар әулеттерінің мүшелері 1959 жылдан бастап «Қызылжар су» ЖШС-де жұмыс істеп келеді.  Еңбек күніне орай олардың қажырлы еңбектері бағаланды.

«Қызылжар су» кәсіпорнында Визеровтар отбасының жалпы еңбек өтілі — 103 жыл.  Алдымен серіктестікке жүргізуші болып, Владимир Викторович жұмысқа орналасты. Кейін оның ізін екі ұлы басып, екі немересі басты.

— Университеттен кейін менде қайда жұмыс орналасам деген сұрақ тумады. Алдымен мен мұнда экономист болып орналастым. Қазіргі күні су бұру кешенінің бастығы болып жұмыс істеймін, — дейді Вячеслав Визеров.

Кәсіпорында қызмет етіп жүрген әулеттің бірі  – Голодниковтар отбасы. «Қызылжар су» ЖШС-де бұл шаңырақтың жалпы еңбек өтілі 97 жылды құрап отыр.

— Визеровтар мен Голодниковтардың еңбек әулеттері кәсіпорынның ажырамас бөлшегіне айналды. Олардың еңбектерінің жемісін қала тұрғындары күнде көріп жүр. Сіздер халықты сапалы таза ауызсумен қамтамасыз етіп отырсыз. Еңбегіңіз алдағы уақытта елене берсін. Шөберелеріңіз де іздеріңізді басатынына сенімдімін, — деді «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz