Петропавлда шаңғымен жүгіруден облыс чемпионаты өтіп жатыр. Оған өңірдің барлық аудандарынан кілең мықты спортшылар қатысуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
3 күнге шақталған жарысқа өңіріміздің 200-ге жуық спортшысы, 4 түрлі жас санаты бойынша өз мүмкіндіктерін сараламақ. Үздік атанғандар өңір намысын республикалық біріншілікте қорғайтын болады.
– Жарыстың алғашқы күндері классикалық спринт бойынша сайыстар өтеді. Қалған күндері шаңғышылар еркін және аралас эстафета бағдарламаларында өзара мықтыны анықтайды. Мұнда ширек финал, жартылай финал және шешуіші кезең болады. Осылайша ең жақсы нәтиже көрсеткендер іріктеліп, жеңімпаздар анықталады, – дейді Қ.Байболов атындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Владимир Щербаков.