ҚР Жоғары аудиторлық палатасының СҚО бойынша тексеру комиссиясына жаңа басшы тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясына жаңа басшы тағайындалды. Қайрат Сейітқожаевті облыстық мәслихат депутаттарына Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Тілеген Қаскин таныстырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қайрат Күнтуғанұлы 1977 жылы туған. Қазақтың тұтыну кооперациясы институты және Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы Статистика комитетінің даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтында «Экономикалық және статистикалық зерттеулер» бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастаған.

2003-2007 жылдар аралығында ҚР Индустрия және сауда министрлігінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді. Кейін «Шағын кәсіпкерлікті дамыту фонды» АҚ, «Қамқор» жөндеу корпорациясы«ЖШС-де еңбек етті. 2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2010-2011 жылдары ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде және ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде жұмыс істеді. 2011 жылдан 2018 жылға дейін»Astana Solar«ЖШС-де бөлім қызметкерінен бас директордың міндетін атқарушыға дейінгі жолды жүріп өтті.

2018 жылдан мемлекеттік қызметке қайта оралып, осы күнге дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ішкі аудит департаменті директорының міндетін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz