СҚО полицейлері өткен жылды қорытындылады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері жедел кеңес барысында 2022 жылды қорытындылап, 2023 жылға арналған басымдықтарды талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Бірақ бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар оның ішінде: маскүнемдік салдарынан жасалған тұрмыстық құқық бұзушылықтар, алаяқтық, бопсалау фактілері бойынша өсім байқалады. Облыс жолдарындағы апаттар саны артып, қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны өскен.Жедел-қызметтік жұмыстың негізгі тұстары, кемшіліктері мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы егжей-тегжейлі СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев хабардар етті. Ал полиция бөліністеріндегі тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Атанов баяндады.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов облыстың бірқатар аудандарында қылмыстың алдын алу жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ қала сыртындағы жолдарда, атап айтқанда Тайынша, Жамбыл, Есіл және облыстың басқа да аудандарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен ескерту туралы айтылды. Бұдан бөлек, Әкімшілік полиция басқармасына аудандық полиция бөлімдерімен бірлесіп әр ауданда жолаушылар мен жүк көліктерін жылыту орындарын және қолайсыз ауа-райы кезінде жүргізушілер мен жолаушыларды орналастыру, жылыту орындарын белгілеу тапсырылды.Жедел кеңес соңында жеке құрамға ішкі істер министрлігі алқа жиналысының негізгі талаптары жеткізілді. Сондай-ақ есірткі қылмыстарына, интернет-алаяқтарға, тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстардың басым бағыттары белгіленді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz