«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтетіндерге қойылатын талап күшейтілді. Енді жастар конкурсқа қатысу үшін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынуылары тиіс, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, үміткерлердің жалпы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек. Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі тиіс. Бұдан бөлек қабылдаушы шетелдік ұйымнан шақыру және кемінде «В1» деңгейінде мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификат талап етіледі.
Биыл «Болашақ» бағдарламасы аясында 162 мамандық бойынша тағылымдаман өтуге болады. Бұл тізімге «Бұлтты сервистер», «Ғарыш жүйелері мен инженерия», «Гидрогеология», «Прецизионды медицина», «Тестология» және сұранысқа ие өзге де мамандықтар енгізілді.