СҚО-да 124 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2020 жылдан бастап өңірде мақсатты қолданылмаған 124 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жайылымдық жерлердің тапшылығы 124 мың гектарға азайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратура мамандарының мәліметінше, облыстағы 26 проблемалық серіктестікте 11 мыңнан астам пай иелерінің құқықтары қорғалған. Оларға тиесілі жерлердің жалпы ауданы 257 мың гектардан асады.
Биыл пайшылардың қатысуымен болатын жалпы жиналыстардың хаттамаларын қолдан жасау, алаяқтық, ЖШС басшыларының өкілеттіктерін қасақана асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі 22 тергеп-тексеру басталды.

– «Жарқын-СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушылары 4 мың пай иесінің құқығын қорғау мақсатында прокурор аталған серіктестік пен «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арасында жасалған 14 кепілшарттың күшін жою туралы талап арыз берді. Шаруашылық басшысының 2017 жылы құжаттарды қолдан жасап, пайшылардың жерін кепілге қойып, 600 млн. теңгені қалтасына басқаны белгілі болды. Экономикалық соттың шешімімен өткен жылдың соңында прокурордың 14 кепілшартты жарамсыз деп тану туралы талабы толығымен қанағаттандырылды, – деді СҚО прокурорының аға көмекшісі Аида Бабасова.

«Жарқын СК» ЖШС-ның директоры мен бұрынғы директорына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қорытындысы бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды. Сот үкімімен оларға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz