345 мың теңге айыппұл арқалады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіге 345 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны жылдамдықты асырып, полиция басқармасындағы жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына ілікті. «Toyota» көлігін тізгіндеген жүргізуші таңғы сағат 06:00 шамасында рұқсат етілгеннен жоғары жылдамдықпен жүріп, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

Құқықбұзушы туралы ақпарат жедел түрде жол патрульдік полиция инспекторларына жіберілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылар Интернационал мен Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында жас жігітті тоқтатты. Ол өзін агрессивті ұстап, медициналық тексеруден өтуден бас тартты.

ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігінің талаптарына сәйкес, куәландырудан бас тартқаны үшін жас жігіт 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

– Тексеру барысында жас жігіттің ұсталғанға дейін жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны анықталды. Бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің бейнежүйелері «Toyota» автокөлігімен сағатына 140 км-ге дейін жылдамдықпен жүріп, 5 рет ереже бұзған. Осы бұзушылықтар үшін жалпы айыппұл сомасы 345 мың теңгені құрады, – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Бүгінгі таңда облыста жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін 35 автоматты фото және бейнетіркеу жүйесі жұмыс істейді. Олардың көмегімен жыл басынан бері жолдарда 20 мыңнан астам бұзушылық тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz