СҚО-да эпизотиялық жағдай тұрақты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл өңірде құтырма ауруын алдын алу үшін 171 мыңнан астам малға вакцина салынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

СҚО ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, вакциналау шарасы ақпан айында басталады. Белгілі болғандай, бүгіндері Ресейдің Омбы облысында бұл ауруының 3 бірдей ошағы анықталды. Осыған байланысты 13 наурызға дейін көрші елде карантин жарияланды. Ал бұл аймақ Солтүстік Қазақстан облысымен шектесіп жатқанын естен шығармаған жөн.

– Өткен жылы өңірде осы індетке қарсы екпе 167 мың мал басына қойылды. Биылғы көрсеткіш одан да көп. Сондай-ақ жабайы аңдар жүретін аумақтарға арнайы брикет түріндегі дәрілер қойылды. Бұл шаруалар алдағы уақытта жалғасатын болады. Жалпы соңғы жылдары біздің облыста құтырма ауруы тіркелген жоқ, – дейді СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz