Тайынша ауданында тауарлы сүт фермалардың құрылысы жүргізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов биылғы жылды қорытындылап, ауыл шаруашылығы саласына жіті тоқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Берік Әлжановтың сөзінше, Тайынша ауданында өткен 10 айдың ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 95,3 млрд. теңге құрады. Дәнді дақылдардың гектар берекелігі 8,2 центр, майлы дақылдардың шығымдылығы гектарынан 5,4 центнерді құрады.

– Ауа райының қолайсыздығына қарамастан көкөніс шаруашылығында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл ретте «Астық СТЕМ» ЖШС және «Таң» ШҚ картоп алқаптарын тамшылатып суару нәтижесінде әр гектардың өнімділігі орта есеппен 299,0 центнерді құрады. Жалпы аудан бойынша картоптың орташа өнімділігі 174,0 ц/га, ал көкөністердің 343,6 ц/га, — деді Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов.

Аудан басшысы мал шаруашылығына да тоқталды. Биылғы жылы «Астық СТЕМ» ЖШС-ге шетелден 400 қара мал әкелініп, агроқұрылым жаңа заманауи сүт фермасын ашты. «Ясная поляна» ЖШС болса, 495 мал басын сатып алып, тауарлы-сүт фермасын салып жатыр. «Асар» ЖШС де 600 Зеңгі баба төліне арналған ферма құрылысын бастапты. «Зеленые Луга» ЖШС 400 басқа сүт фермасын салуды жоспарлап отыр.

– Ауданымызда «ЕМС агро» ЖШС 150 мың басқа арналған шошқа кешенінің құрылысын аяқтауға жақын. Ауыл шаруашылығындағы барлық жобалар іске асырылса, 160-тан астам тұрғын тұрақты жұмыс орнымен қамтылады, — дейді Берік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz